Ауа райы
1 мин оқу 80
Аяз, боран және көктайғақ: Қазақстанда күн күрт суытады
<p>«Қазгидромет» синоптиктері алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамын жариялады. Еліміздің басым бөлігінде қар жауып, боран соғады деп күтіледі. Ал 25 желтоқсаннан бастап республиканың солтүстігі мен батысында -28 градусқа дейін күн суытады, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

25 желтоқсанда циклонның орнын суық антициклон басады. Осыған байланысты түнде ауа температурасы айтарлықтай төмендейді:
- Батыста − түнде -20...-25 градус аяз;
- Солтүстікте − түнде -23...-28 градус аяз;
- Оңтүстікте − салыстырмалы түрде жылы ауа райы сақталады, күндіз ауа температурасы +2...+7 градус жылы болады деп күтіледі.
Мамандар тұрғындарды жолға шыққанда сақ болуға және ауа райының өзгеруін қадағалап отыруға шақырады.
Бөлісу: