Елорда
1 мин оқу 30

2027 жылдан бастап Астанада кептеліс 40%-ға азаяды

<div class="Y3BBE" data-sfc-cp="" data-hveid="CAEIAhAA" data-processed="true" data-complete="true"><strong>Елорда билігі көлік кептелісімен күрестің түбегейлі жолын тапты. 2027 жылы Астанада алғаш рет екі деңгейлі алып автомагистраль құрылысы басталады. Бұл жоба қала жолдарындағы жүктемені айтарлықтай жеңілдетеді, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</strong></div>

2027 жылдан бастап Астанада кептеліс 40%-ға азаяды

Астана әкімі Жеңіс Қасымбек қаланың жол-көлік жүйесін дамытудың жаңа жоспарын жариялады. Әкімнің айтуынша, биылдың өзінде 14 шақырым жаңа жол салынып, 60 шақырым көше жөнделген. Атап айтқанда, 8 жолақты Айтматов көшесінің ашылуы Тұран даңғылындағы кептелісті 12%-ға азайтуға мүмкіндік берді.

Алайда, ең ауқымды жаңалық – Қабанбай батыр даңғылынан Республика даңғылы арқылы Бөгенбай батыр көшесіне дейін созылатын екі деңгейлі жылдам транзиттік жолдың құрылысы.

 Жобаның негізгі артықшылықтары:

  • Ұзындығы: 12,4 шақырымды құрайды.
  • Нәтижесі: Кептелістерді 30-40%-ға дейін төмендетеді.
  • Әлемдік стандарт: Мұндай жобалар Сеул, Токио, Пекин және Париж сияқты әлемдік мегаполистерде сәтті жүзеге асқан.
  • Құрылыс оң жағалаудың тарихи келбетін сақтай отырып жүргізіледі.

Бұдан бөлек, көлік инфрақұрылымын жақсарту мақсатында қаладағы барлық тұрақтар өткен аптада қаланың коммуналдық меншігіне тегін қайтарылды. 

Бұған дейін қала әкімі LRT-ның сынақ мерзімі аяқталуға жақын екенін және оның жоспардан ерте ашылуы мүмкін екенін айтқан еді.

Бөлісу:
2027 жылдан бастап Астанада кептеліс 40%-ға азаяды · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар