Алматыда қызылша ауруына шалдығу көрсеткіші өсті
<p style="text-align: left;"><strong>Алматы қаласында қызылша дерті қайта өршіді. Күн сайын 20-25 жағдай тіркеліп отырғандықтан балаларға екпе жұмысы жүргізіле бастады. Екпені тіркелген емханада тегін алуға болады, деп жазады <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</strong></p>

Жоспарлы екпелер 1 және 6 жасар балаларға жүргізіледі. Қосымша (нөлдік) доза (аталған доза – жоспарлы екпені алмастырмайды, тек уақытша қорғаныс береді) 6 айдан 11 айға дейінгі балаларға салынады.
Мамандардың түсіндіруінше, екпе жұмысы әр балаға жеке жағдайына қарай салынады. Екпе алар кезде баланың денсаулығы қалыпты болуы тиіс. Өйткені қызылша – өте жұқпалы инфекциялардың бірі.
Таралуының негізгі себебі – екпе алудан бас тарту, жоспарлы екпені өткізіп алу.
Дәрігерлер ата-аналарды балаларына уақытылы екпе салғызуға шақырып жатыр. Себебі бұл – баланың денсаулығын қорғап, індеттің таралуын тоқтатуға септеседі.