Amazon алаяқтық жолмен жұмысқа орналасуға тырысқан 1800 адамның өтінішін бұғаттады
<p>Amazon-ның қауіпсіздік жөніндегі басшысы Стивен Шмидттің мәліметінше, компания Солтүстік Кореямен байланысты болуы мүмкін 1 800-ден астам жұмысқа орналасу өтінішін бұғаттаған, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a> BBS News-қа сілтеме жасап.</p>

Күдіктілер жалған немесе ұрланған жеке деректерді қолданып, қашықтан жұмыс істейтін IT-маман ретінде жұмысқа орналасуға тырысқан.
Олардың мақсаты жұмысқа орналасу арқылы тапқан табыстарын Солтүстік Кореяның қару-жарақ шығаратын бағдарламаларын қаржыландыруға жіберу болған.
Шмидттің айтуынша, мұндай жағдай тек Amazon-да емес, бүкіл IT индустриясында, әсіресе АҚШ-та жиі кездеседі.
АҚШ пен Оңтүстік Корея билігі Пхеньянның хакерлік және алаяқтық әрекеттері туралы бірнеше рет ескерткен.