Қоғам
1 мин оқу 50

«Баспана алып беремін»: Өскеменде ірі алаяқтық дерегі тіркелді

<p><strong>Өскемен қалалық полициясына жергілікті тұрғыннан арыз түскен. Арыз иесінің айтуынша, танысы оның сеніміне кіріп, тұрғын үй сатып алуға көмектесемін деген желеумен 9 млн теңгесін қалтасына басқан, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</strong></p>

«Баспана алып беремін»: Өскеменде ірі алаяқтық дерегі тіркелді

Жедел тергеу іс-шаралары барысында осыған ұқсас бірқатар алаяқтыққа қатысы бар 40 жастағы күдікті анықталған. 

Тергеу мәліметтерінше, ол ипотекалық несие рәсімдеуге, жылжымайтын мүлік сатып алуға немесе қаражат салуға көмектесемін деп азаматтардың ақшасын жымқырып отырған.

Сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Бөлісу:
«Баспана алып беремін»: Өскеменде ірі алаяқтық дерегі тіркелді · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар