Тағайындау
1 мин оқу 30

Ерболат Досаев «Самұрық-Қазына» директорлар кеңесінің құрамына енді

<p><strong>Президент Әкімшілігі басшысының орынбасары Досаев Ерболат Асқарұлы &laquo;Самұрық-Қазына&raquo; АҚ директорлар кеңесінің мүшесі болып сайланды. Бұл туралы қордың баспасөз қызметі хабарлады, деп жазады&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</strong></p>

Ерболат Досаев «Самұрық-Қазына» директорлар кеңесінің құрамына енді

Ол бұл лауазымға 20 желтоқсан күні тағайындалған.

Қазір «Самұрық-Қазына» директорлар кеңесіне премьер-министр Олжас Бектенов, Болат Жәмішев, Лука Сутера, Вонг Хэн Файн, Нұрлан Жақыпов, Мохаммед Джамиль Аль Рамахи және Ерболат Досаев кіреді. Кеңесте сондай‑ақ SKAI (Samruk-Kazyna Artificial Intelligence) жасанды интеллект бейнесіндегі виртуалды директор бар.

Ерболат Асқарбекұлы Досаев 1970 жылы 21 мамырда Алматы қаласында дүниеге келген. 1987 жылы Алматы қаласының            О. Жәутіков атындағы республикалық физика-математикалық мектеп-интернатын бітірген.

Әр жылдары Алматы энергетикалық институтын, Бауман атындағы Мәскеу мемлекеттік техникалық университетін тәмамдаған.

Ерболат Досаев қыркүйек айында Президент Әкімшілігі Басшысының орынбасары болып тағайындалған еді. 

Бөлісу:
Ерболат Досаев «Самұрық-Қазына» директорлар кеңесінің құрамына енді · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар