Экономика
1 мин оқу 20

Кәсіпкерлерге несие алу жеңілдеуі мүмкін

Премьер-министр Олжас Бектенов Үкімет отырысында шағын және орта бизнесті қолдаудың жаңа тетіктерін әзірлеуді тапсырды. Әсіресе жалпыға бірдей белгіленген салық салу режимінде жұмыс істейтін кәсіпкерлерге назар аударылды, деп жазады Egemen.kz.

Кәсіпкерлерге несие алу жеңілдеуі мүмкін

Үкімет басшысының айтуынша, мұндай бизнесті қолдаудың тиімді жолдарының бірі – «Өрлеу» бағдарламасы арқылы қаржыландыру шарттарын кеңейту. Яғни, кәсіпкерлерге несие мен басқа да қолдау түрлерін алу жеңілдейді.

Осы тапсырмаға сәйкес Ұлттық экономика министрлігі басқа мемлекеттік органдармен бірге нақты ұсыныстар дайындайды. Басты мақсат – адал салық төлеп отырған кәсіпкерлерге қолдау көрсетіп, олардың жұмысын дамытуға мүмкіндік беру.

Айта кетейік, салық төлеуші «Цифрлық бюджет» арқылы өз аударымын көре алады. 2026 жылдан бастап Қазақстанда салық борышы үшін шоттарды бұғаттау ережелері өзгереді.

Бөлісу:
Кәсіпкерлерге несие алу жеңілдеуі мүмкін · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар