Қаржы
1 мин оқу 20
Доллар 4 теңгеге арзандады
<div class="Y3BBE" data-sfc-cp="" data-hveid="CAEIAxAA" data-processed="true" data-complete="true"><strong>23 желтоқсандағы сауда қорытындысы бойынша Қазақстан қор биржасында (KASE) АҚШ долларының теңгеге шаққандағы құны едәуір төмендеп, 510,18 теңгені құрады, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</strong></div>

Қазақстан қор биржасындағы бүгінгі сауда-саттық нәтижесінде шетелдік валюта бір тәулік ішінде 4,98 теңгеге арзандады. Сонымен қатар еліміздің айырбастау орындарындағы бағам да өзгеріске ұшырады.
Қазіргі уақытта айырбастау орындарында доллар 508,5-512,4 теңге аралығында сатып алынып, 512,8-516 теңгеден сатылады. Басқа валюталардың орташа бағамы келесідей:
- Еуро: сатып алу – 601-603 теңге, сату – 606-608 теңге;
- Рубль: сатып алу – 6,11-6,46 теңге, сату – 6,48-6,90 теңге.
Мұнай нарығында ICE биржасында Brent маркалы мұнайдың ақпан айындағы фьючерстерінің бағасы барреліне 62,2 долларды құрап отыр.
Бөлісу: