Аймақтар
1 мин оқу 20

Қызылорда облысында кәсіпкерлер заңсыз тексерілген

<p><strong>Қызылорда облысының прокуратурасы сот актілеріне үнемі зерделеу жүргізіп отыр. Осының арқасында биыл әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер бойынша 38 апелляциялық өтініш хат қанағаттандырылған, деп жазады&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</strong></p>

Қызылорда облысында кәсіпкерлер заңсыз тексерілген

Сот актілерін зерделеу барысында бірқатар кәсіпкерлердің әкімшілік жауаптылыққа тартылғаны анықталды. Бірақ оларға қатысты тексерістер Қызылорда облысы бойынша құқықтық статистика және арнайы есеп саласындағы уәкілетті органға тіркелмей жүргізіліп келген. Яғни, кәсіпкерлік субъектілерін тексеруде заңнама талаптары сақталмаған.

Апелляциялық өтініш хаттарды қарау нәтижесінде сот актілерінің күші жойылып, заңсыз жауапкершілікке тартылған 7 кәсіпкердің құқығы қорғалды. Заңнама талаптарының сақталуы облыстық прокуратураның ерекше бақылауында.

Бөлісу: