Қоғам
1 мин оқу 50
Риддер тұрғыны баланы көлікпен қағып, өзі жалтарып кеткен
<p style="text-align: left;">Риддер қаласының тұрғын үй ауласында 6 жасар баланы қағып кеткен жүргізуші оқиға орнын тастап қашқан, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>
Оқиға 23 желтоқсанда болған. Баланы қағып кеткен адам Lada X-Ray маркалы автокөлік жүргізгені мәлім болды.
Жол-көлік оқиғасы салдарынан зардап шеккен бала медициналық мекемеге жеткізілді.
Полиция қызметкерлері жүргізушіні құрықтады. Оның көлігі тәркіленіп, арнайы тұраққа қойылды.
«Аталған дерек бойынша тиісті сараптамалар тағайындалды, олардың қорытындысы бойынша процессуалдық шешім қабылданатын болады», деп хабарлады Шығыс Қазақстан облысының ПД баспасөз қызметі.
Бөлісу: