Қаржы
1 мин оқу 90

Жаңа Салық кодексі күшіне енсе оқу ақысы қымбаттауы мүмкін бе?

<div class="Y3BBE" data-sfc-cp="" data-hveid="CAEIAhAA" data-complete="true" data-processed="true"><strong>Ғылым және жоғары білім вице-министрі Гүлзат Көбенова Сенатта өткен брифинг барысында жаңа Салық кодексі жоғары оқу орындарындағы білім беру құнына әсер ете ме деген сұраққа жауап берді, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</strong></div>

Жаңа Салық кодексі күшіне енсе оқу ақысы қымбаттауы мүмкін бе?
Вице-министрдің сөзінше, оқу ақысының нақты мөлшерін әрбір жекелеген ЖОО дербес белгілейді. Бұл мәселеде министрлік тікелей бағаны тағайындамайды. 
«Орташа есеппен, алдыңғы жылдар тәжірибесіне сүйенсек, оқу ақысы әдетте алдыңғы жылмен салыстырғанда 5-7% аспайтын еді», деді Г. Көбенова.
Бұл дегеніміз, болашақ студенттер мен олардың отбасыларына бағаның күрт шарықтап кетуінен қорқуға негіз жоқ. Алайда, инфляция деңгейіне сәйкес шамалы түзетулер енгізілуі ықтимал.
Министрлік биылғы оқу жылына арналған нақты ұсынымдарды әлі талқыламаған.
Бөлісу: