Алматы
1 мин оқу 40

Алматыда жаңа жылдық Президент шыршасы өтті

<p style="text-align: justify;"><strong>Алматыда &laquo;Жаңа жыл елімізді аралап келеді&raquo; атты дәстүрлі жаңа жылдық Президент шыршасы салтанатты түрде ұйымдастырылды. Мерекелік іс-шараға Алматы әкімі Дархан Сатыбалды қатысты,&nbsp;деп жазады <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</strong></p>

Алматыда жаңа жылдық Президент шыршасы өтті

Мерекеге 300 бала шақырылды. Олардың қатарында балалар үйінің тәрбиеленушілері мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар, аз қамтылған және көпбалалы отбасылардан шыққан бүлдіршіндер, ерекше білім беру қажеттілігі бар балалар, сондай-ақ оқу, спорт және шығармашылық саласында жетістікке жеткен дарынды оқушылар бар.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың атынан Алматы әкімі Дархан Сатыбалды жас қонақтарды келе жатқан Жаңа жылмен құттықтап, зор денсаулық, бақ-береке, оқуда табыс және армандарының орындалуын тіледі.

Балалар үшін артистердің, шығармашылық ұжымдардың, ертегі кейіпкерлері мен аниматорлардың қатысуымен мазмұнды мерекелік бағдарлама ұйымдастырылды. Іс-шара соңында барлық қатысушыларға жаңа жылдық сыйлық табысталды.

Жаңа жылдық Президент шыршасы — жылдан жылға жалғасып келе жатқан игі дәстүр. Бұл мереке балаларға қуаныш сыйлап, олардың жан-жақты қолдау көріп жатқанын сезіндіруге, сондай-ақ өскелең ұрпаққа деген қамқорлық пен айрықша назардың маңызын айқындай түседі.

Бөлісу:
Алматыда жаңа жылдық Президент шыршасы өтті · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар