Ауа райы
1 мин оқу 10

Шығыстағы екі облыста жол жабылды

<p><strong>ҚазАвтоЖол екі облыста көлік қозғалысы шектелгенін мәлімдеді, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</strong></p>

Шығыстағы екі облыста жол жабылды

Бүгін, 25 желтоқсан сағат 22:30-да ауа райының бұзылуына байланысты республикалық маңызы бар келесі автожолдарда көліктің барлық түрінің қозғалысына шектеу қойылады:

Абай облысы:

- «Алматы - Талдықорған - Өскемен - Шемонаиха - РФ шекарасы» автомобиль жолының 971-1013 шақырым аралығындағы учаскесі (Қалбатау ауылынан ШҚО шекарасына дейін);

Шығыс Қазақстан облысы:

- «Алматы – Талдықорған – Өскемен – Шемонаиха – РФ шекарасы» автомобиль жолының 1013-1062 шақырым аралығындағы учаскесі (Абай облысының шекарасынан Рубеж бекетіне дейін);

Жолды 2025 жылғы 26 желтоқсан сағат 09:00-де ашу жоспарланған.

1403 байланыс орталығына хабарласып, тәулік бойы қосымша ақпарат алуға болады.

Бөлісу:
Шығыстағы екі облыста жол жабылды · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар