Спорт
1 мин оқу 0

«Барыстың» бағы жанар емес

<p>Құрлықтық хоккей лигасында (ҚХЛ) күш сынасып жүрген &laquo;Барыс&raquo; тұрақты біріншіліктегі кезекті ойынын өткізді, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz.</a></p>

«Барыстың» бағы жанар емес

Бұл жолы олар Астанада Челябінің «Тракторын» қабылдады. Бас бапкер Михаил Кравец мұз айдынына мына ойыншыларды шығарды: Шутов (Бояркин) – Маккошен-Уолш, Уиллман-Морелли-Веккьоне; Масси-Данияр, Логвин-Томпсон-Симонов; Бекетаев-Бреус, Қайыржан-Өмірбеков-Савицкий; Гайтамиров, Панюков-Шайхмедденов-Әсетов. 

«Барыс-Аренадағы» бәсеке, өкінішке қарай, 2:0 есебімен қонақтардың пайдасына шешілді. «Трактордың» сапындағы Михаил Горюнов-Рольгизер 8 минутта есеп ашса, Логан Дэй бірінші кезеңнің соңғы секундтарында екінші шайбаны қақпаға енгізді. Жерлестеріміз өздерінің келесі кездесуін 25 желтоқсанда Астанада Екатеринбургтің «Автомобилист» клубына қарсы өткізеді.

Бөлісу:
«Барыстың» бағы жанар емес · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар