Елорда
1 мин оқу 61

Астанада «Соғым-FEST» жәрмеңкесі 5 күн бойы өтеді

<p><strong>Елордада 26&ndash;31 желтоқсан аралығында мерекелік ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесі ұйымдастырылады. Жәрмеңкеде&nbsp;Ақмола, Абай, Қарағанды, Түркістан және Павлодар облыстарының шаруалары өз өнімдерін ұсынады, деп жазады&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</strong></p>

Астанада «Соғым-FEST» жәрмеңкесі 5 күн бойы өтеді

Жәрмеңке қаладағы Алаш тасжолы, 35Б мекенжайындағы «Керуен жолы» СОО автотұрағында өтеді.

Сондай-ақ осы күндері сауда орталығында жергілікті фермерлер мен түрлі өңірлердің өндірушілері жемістер мен көкөністер, ет, сүт және ұн өнімдері, нан өнімдері, шырындар, консервілерді саудалайды. Қала әкімдігінің мәліметінше, жәрмеңкедегі баға нарықтағы құннан арзанырақ болады. 

Жәрмеңке күн сайын сағат 10:00-ден 19:00-ге дейін жұмыс істейді. Көрсетілген мекенжайға №7, 11, 39, 41, 45, 53, 59, 81, 307 және 317 қоғамдық көліктері қатынайды.

Бұған дейін жәрмеңке 6–7 желтоқсан күндері ұйымдастырылған еді.

Бөлісу:
Астанада «Соғым-FEST» жәрмеңкесі 5 күн бойы өтеді · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар