Президент
1 мин оқу 80

Көмірсутек және уран саласында жер қойнауын пайдалану туралы заңға түзетулер енгізілді

<p><strong>Мемлекет басшысы &laquo;Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы&raquo; Қазақстан Республикасының Кодексіне көмірсутектер мен уран саласында жер қойнауын пайдалануды жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы&raquo; Қазақстан Республикасының заңына қол қойды, деп жазады&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>&nbsp;Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.</strong></p>

Көмірсутек және уран саласында жер қойнауын пайдалану туралы заңға түзетулер енгізілді

Заңның мәтіні баспасөзде жарияланады.

Айта кетейік, бүгін Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау және білім беру-сауықтыру қызметтері мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының заңына да қол қойды. 

Сондай-ақ Қасым-Жомарт Тоқаев Үкімет басшысы Олжас Бектеновті қабылдады.  Олжас Бектенов Президентке экономикалық реформаларды жүзеге асыру және азаматтардың әл-ауқатын одан әрі арттыру бойынша бұған дейін берген тапсырмаларының іске асырылуы жөнінде баяндады.

Бөлісу:
Көмірсутек және уран саласында жер қойнауын пайдалану туралы заңға түзетулер енгізілді · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар