Спорт
1 мин оқу 50

Бішкекте бес жүлде бұйырды

<p style="text-align: left;"><strong>Бішкекте ауыр атлетикадан қырғыз елінің мақтанышы, Мәскеу Олимпиадасының жеңімпазы, әлемнің төрт дүркін чемпионы Қаныбек Осмоналиевтің жүлдесі үшін халықаралық турнир өз мәресіне жетті,&nbsp;деп жазады <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</strong></p>

Бішкекте бес жүлде бұйырды

Аталған жарыста Қазақстанның зілтеміршілері табысты өнер көрсетті. Атап айтсақ, Сайрамкез Ақмолда (65 кг), Аянат Жұмағали (77 кг), Сәния Орманбаева (86 кг) және Ақерке Байманап (+86 кг) алтын алса, Марта Давлетиярова (86 кг) күміс медальді иеленді. Бұл спортшылардың барлығы да майталман мамандардың назарында жүргендер. Сол себепті олардың бұл табысы жанкүйерлерді таңдандырған жоқ. Жалпы есепте жерлестеріміз жарыс қожайындарынан кейінгі екінші орынды иеленді.

Бөлісу:
Бішкекте бес жүлде бұйырды · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар