28 желтоқсанда еліміздің екі облысында жолдар жабылады
<p style="text-align: left;"><strong>«ҚазАвтоЖол» ұлттық компаниясы елдегі жолдардың қазіргі ахуалы туралы хабарлады, деп жазады <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</strong></p>

Жетісу облысында ауа райы жағдайларының нашарлауына байланысты (боран, көрінудің шектелуі) «Үшарал – Достық» автомобиль жолының 84-164-шақырым аралығында (Көктұма станциясы – Достық станциясы учаскесі) барлық көлік түрінің қозғалысына шектеу енгізілді.
Ал тіркемесі бар және жартылай тіркемелі жүк көліктерінің қозғалысы Осинов асуында уақытша шектелді. Шектеу «Өскемен – Алтай – Катонқарағай – Рахман қайнары» автожолының 46-66-шақырымындағы (Северное ауылы – Серебрянск қаласы) учаскесінде қыс аяқталғанша сақталады.
Павлодар облысында «Астана – Шідерті – Павлодар – Успенка – РФ шекарасы» автожолының жолайрығындағы көпір құрылымының шеткі арқалықтары зақымдануына байланысты «Қалқаман» жолайрығы учаскесі жабылды. Атап айтқанда, Қалқаман кентіне кіреберіс пен Астана бағытына шығатын жол уақытша жабық.