Оқиға
1 мин оқу 40
Атырауда 3 адам көмірқышқыл газына уланып қайтыс болды
<p>Атырау маңындағы Томарлы ауылындағы жеке тұрғын үйде үш адам көмірқышқыл газынан уланып көз жұмды, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz.</a></p>

Қайғылы оқиға 28 желтоқсанда, шамамен сағат 13:40-та болған. Алдын ала мәлімет бойынша, газбен жұмыс істейтін жылыту пешінде тартудың жоқтығы оқиғаға себеп болған.
Үйде 1958 жылы туған ерлі-зайыпты және 1953 жылы туған ер адам болған. Үшеуі де оқиға орнында қайтыс болды. ТЖД қызметкерлері шақырту бойынша оқиға орнына барған.
Қазіргі таңда оқиғаның мән-жайы нақтыланып жатыр.
Бөлісу: