Білім
1 мин оқу 40

240 мыңнан астам ұстаз ЖИ бойынша білім алды

<p>Елімізде мұғалімдерге әкімшілік жүктемені азайту үшін оқу процесіне жасанды интеллект құралдарын жүйелі енгізу басталды. Бұл туралы Үкіметтің қорытынды баспасөз конференциясы аясында Оқу-ағарту вице-министрі Асылбек Ахметжанов мәлімдеді, деп жазады&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

240 мыңнан астам ұстаз ЖИ бойынша білім алды

Ол Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша ЖИ-ді экономика мен әлеуметтік салаға интеграциялау бойынша 240 мыңнан астам педагог промпт-инжиниринг дағдылары негізінде білім алғанын атап өтті.

«Жасанды интеллект ұстазды алмастырушы емес, оның көмекшісі. Біздің міндетіміз – педагогтерге күнделікті жүктемені азайту үшін ЖИ-ді енгізу», деді Асылбек Ахметжанов.
«Келешек мектептері» жобасы негізінде ЖИ-репетитор, ЖИ-емтихан алушы жобалары сынақтан өткізіліп жатыр. Осы шешімдерді қауіпсіз түрде қолдану деңгейін арттыру үшін салалық министрлік «QazTech» мемлекеттік платформасында барлық білім беру дерегін орналастырып жатыр.
Бөлісу:
240 мыңнан астам ұстаз ЖИ бойынша білім алды · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар