Қоғам
1 мин оқу 10

200 оқушы Президент шыршасына қатысты

<p style="text-align: left;">Ұлытау облысында Пре&shy;зиденттің дәстүрлі жаңажылдық шырша шамы жанды. Шыршаға облыс құрамындағы қала&shy;лар мен аудандар мек&shy;тебінен үздік оқи&shy;тын, дарынды және спорт&shy;та жеңіске жеткен 200 таңдаулы оқушы қатысты.</p>

200 оқушы Президент шыршасына қатысты

Мерекелік шарада Ұлы­тау облысының әкімі Дастан Рыс­пеков балаларды келе жатқан Жаңа жылмен құттықтап, Мемлекет басшысы жолдаған құттықтау хатты оқыды. Жас ұрпаққа қамқорлық жасап, қолдау маңызды екеніне тоқ­талды.

Облыс әкімі дарынды балалар Ұлытау облысының мақ­танышы екенін айтып, жаңа жылдық сыйлыққа – планшет табыс етті.

Шырша айналасында бал­ғындар әсем ән шырқап, би биледі. Театрландырылған қойы­лымдарды тамашалады.

Салтанатты жиынға арнайы шақырылған оқушылар Ұлытау облысының әкімімен естелік суретке түсті.

Ұлытау облысы

Бөлісу:
200 оқушы Президент шыршасына қатысты · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар