Президент
1 мин оқу 40

Қазақстанда үш жаңа әуежай салынады

<div class="Y3BBE" data-sfc-cp="" data-hveid="CAEIBBAA" data-processed="true" data-complete="true"><strong>Президенттің көмекшісі &ndash; Баспасөз хатшысы Руслан Желдібай Мемлекет басшысының елімізді ірі транзит хабына айналдыру жөніндегі тапсырмасының орындалу барысы туралы айтты, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</strong></div>

Қазақстанда үш жаңа әуежай салынады

Жол инфрақұрылымындағы өзгерістер

2025 жылы елімізде бұрын-соңды болмаған ауқымда – 13 мың шақырым автокөлік жолын салу және жөндеу жұмыстары басталды. Жаңа жолдардың ұзындығы – 1,9 мың шақырым. Жобалардың қатарында Орталық – Батыс автомагистралы, Қарағанды – Жезқазған, Ақтөбе – Ұлғайсын және Атырау – Доссор сияқты маңызды күрежолдар бар.

Әуе кеңістігі мен жаңа рейстер

Авиация саласында Зайсан, Қатонқарағай және Кендірліде үш жаңа әуежай салынып жатыр, ал Арқалық әуежайы қалпына келтірілуде. Сонымен қатар:
  • Әуе арқылы жүк тасымалдайтын алғашқы ұлттық компания құрылады.
  • 2025 жылы нарыққа жаңа авиакомпаниялар келді.
  • Шанхай, Гуанчжоу және Мюнхенге тұңғыш рет тікелей рейстер ашылып, жалпы 35-тен астам жаңа бағдар іске қосылды.

Теміржол желілерін кеңейту

Қазіргі уақытта Қызылжар – Мойынты (екінші жол), Алматы айналма жолы, Дарбаза – Мақтаарал және Бақты – Аягөз теміржол желілерінің құрылысы жалғасуда. Бұған қоса, республика бойынша 124 вокзал жаңғыртылып, күрделі жөндеуден өтіп жатыр.
Бөлісу: