Ғылым
1 мин оқу 0
2025 жылы ғылымды коммерцияландыру нәтижесі қандай?
<p><strong>Ғылым және жоғары білім вице-министрі Гүлзат Көбенова Үкіметтің жылдық есебіне арналған баспасөз мәслихатында отандық ғылымның коммерцияландыру бағытында нәтижеге </strong><strong>жеткенін мәлімдеді.</strong></p>

Негізгі жетістіктер:
- Satbayev University технологиясы бойынша «Қазақмыс Прогресс» ЖШС-де вакуумдық дистилляция әдісімен 99,5% тазалықтағы СТ-1 техникалық селенөндірген. Бұл өнімнің қосымша құнын 30%-дан 97%-ға дейін арттырған.
- 2025 жылдың қаңтарында Қытайға 100 тоннадан астам тазартылған селенэкспортталды. Алғашқы партия халықаралық стандарттарға толық сай.
- Назарбаев Университетілитий-ионды аккумуляторларға арналған катодты материалдар прекурсорын отандық шикізаттан өндіру технологиясын әзірлеген. Өндіріс әлеуеті $40 млрддеп бағаланды.
- «Қазақмыс» компаниясының R&D орталығы«Казгидромедь» ЖШС жанынан іске қосылды.
- ҚазМұнайГаз, Аризона және Қозыбаев университеттері күкіртті қайта өңдеу арқылы жоғары қосылған құны бар жаңа материалдар әзірлеп жатыр
Коммерцияландыру және инвестиция:
- 267 ғылыми жоба коммерциялану кезеңінде
- 62 жаңа келісімшарт жасалды
- Жеке инвестиция – 20,4 млрд теңге, қосымша 8,8 млрд теңге тарту жоспарланған
- Жобалар аяқталған соң жеке қаржыландыру үлесі 32%-ғажетеді
Әлеуметтік қолдау:
- 2024–2025 жылдары 576 жас ғалым баспанамен қамтылды
- 482 пәтер – «Отбасы банк» арқылы
- 94 пәтер – қайтарымсыз негізде берілді
Бөлісу: