Ауа райы
1 мин оқу 20

Астанадағы көктайғақ салдарынан 300 адам зардап шеккен

<h4>Астанада түнімен жауған жаңбырдың соңы көктайғаққа ұласты. Соның салдарынан Жаңа жыл қарсаңында қоғамдық көліктер жылдамдығын бәсеңдетті. Қалада жол апаты да жиілеп, ауруханаға түсушілер қатары артқан, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</h4>

Астанадағы көктайғақ салдарынан 300 адам зардап шеккен
Жаңа жыл алдында елордада көктайғақ болып, жолдарда көлік кептелісі белең алды. Таңнан бері 100-ден астам жол апаты тіркелгенін полиция департаменті мәлімдеді.
 
Бүгін тек Арқада емес, елдің басым бөлігінде жағдай осындай. Сынап бағанасы 0 градусқа дейін төмендеп, қатқан мұз біртіндеп еріп жатыр.
 
Астаналық дәрігерлер далаға шығарда ыңғайлы аяқ-киім киіп, абайлап жүруге шақырады. Себебі, көк мұзға омақаса құлап, аяқ-қолын шығарып дәрігерге қаралғандардың саны басым болып тұр.
 
Бөлісу:
Астанадағы көктайғақ салдарынан 300 адам зардап шеккен · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар