Қоғам
1 мин оқу 30
Жаңа жыл түнінде Таразда өрт болып, 100 адам эвакуацияланды
<p style="text-align: left;"><strong>31 желтоқсанда сағат 22:18-де Тараз қаласында тұрғын үйлердің бірінің 5-ші қабатындағы балконнан өрт шыққан. Өрт қысқа уақыт ішінде бүкіл үйдің шатырына таралғанын Жамбыл облысының Төтенше жағдайлар департаменті хабарлады, деп жазады <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</strong></p>

Эвакуацияланғандар арасында 30 бала болған. Тұрғындар үшін өрт сөндіру автокөлігі базасында және маңайдағы мектеп ішінде жылыту пункттері ұйымдастырылған.
Өрт 00:13-те шамамен 900 шаршы метр аумақта толық сөндіріліп, оған 62 адам мен 22 бірлік техника жұмылған.
Зардап шеккендер жоқ, өрттің шығу себебі анықталып жатыр.
Бөлісу: