Оқиға
1 мин оқу 40
Жаңа жыл түнінде елімізде қанша сәби дүниеге келді?
<p><b>Еліміздің перзентханаларында жаңа жыл қарсаңында 254 сәби іңгәлап өмірге келді. </b>Оның екеуі Ақтөбе облысында дүние есігін ашқан егіздер, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a> Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.</p>

29 сәби Түркістан облысында, 24-і Шымкентте, 22-сі Астанада, 21-і Алматыда тіркелді. Осылайша Қазақстан халқының санын 254-ке көбейді. Елордада өмірге келген сәбилердің 11-і ұл, 11-і қыз бала.
«Елімізде тіркеуге тұрған жүкті әйелдердің саны 25%-ға өсті. Ерте тіркелу болашақ ана мен баланың қауіпсіздігін қамтамасыз етеді» делінген министрлік хабарламасында.
Ақтөбеден басқа өңірлерде егіздер мен үшем тіркелмеді.
Бөлісу: