Қоғам
1 мин оқу 40

Кейбір жүргізушілер үшін автосақтандыру құны арзандайтын болды

<p><strong>2026 жылдан бастап автокөлікті сақтандыру құны шартты алғаш жасасқан жүргізушілер үшін төмен болады. Бұл Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің қаулысында көрсетілген, деп жазады <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</strong></p>

Кейбір жүргізушілер үшін автосақтандыру құны арзандайтын болды

Аталған шара жаңа жүргізушілер үшін сақтандыру жүйесіне кіруді жеңілдетіп, олардың қаржылық жүктемесін азайтады. Дегенмен көлік жас жүргізушілер үшін автосақтандыру құны қаншалықты төмен болатыны әзірге белгісіз.

«Бонус-малус» жүйесіндегі коэффициенттерді есептеу механизмі де өзгертілді. Енді оларды қолдану тәртібі нақтырақ болып, мемлекеттік деректер базаларына шектеулі қолжетімділік жағдайлары да ескерілген. Бұл сақтандыру жарнасын дұрыс есептемеу жағдайларын және автокөлік иелерінің шағымдарын азайтуға көмектеседі.

Бөлісу:
Кейбір жүргізушілер үшін автосақтандыру құны арзандайтын болды · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар