Оқиға
1 мин оқу 40

Ақтөбе мен Атырауда жол жабылды: Қай бағыттарда қозғалыс шектелді?

<p><strong>Ауа райының күрт бұзылуына байланысты Ақтөбе және Атырау облыстарындағы республикалық маңызы бар бірнеше автожолда қозғалысқа уақытша шектеу енгізілді. &laquo;ҚазАвтоЖол&raquo; ұлттық компаниясының мәліметінше, бұл шара жүк көліктері мен қоғамдық көліктерге қатысты, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</strong></p>

Ақтөбе мен Атырауда жол жабылды: Қай бағыттарда қозғалыс шектелді?

2 қаңтар күні сағат 16:30-дан бастап келесі жол учаскелері жабылды:

Ақтөбе облысы бойынша:

  • Қандыағаш – Атырау облысының шекарасы: «Ақтөбе – Доссор» тасжолының 104-337 шақырымы;
  • «ECO Oil» бекеті – Қарабұтақ ауылы: «РФ шекарасы – Мәртөк – Ақтөбе – Қарабұтақ – Қызылорда» жолының 776-965 шақырымы;
  • Қандыағаш – Шалқар: «Қандыағаш – Ембі – Шалқар – Ырғыз» бағытының 3-257 шақырымы;
  • Мәртөк – Хромтау айрығы: «РФ шекарасы (Жайсаң) – Ақтөбе – Қызылорда» жолының 0-39 шақырымы.

Атырау облысы бойынша:

  • Ақтөбе облысының шекарасы – Сағыз ауылы: «Ақтөбе – Атырау – РФ шекарасы» жолының 337-346 шақырымы.

Мамандардың болжамынша, аталған бағыттардағы қозғалыс 3 қаңтар күні таңғы сағат 08:00-де қайта жандануы тиіс. Алайда бұл уақыт ауа райының құбылуына қарай өзгеруі мүмкін.

Естеріңізге сала кетейік, бүгін еліміздің бірқатар тасжолында қозғалыс шектелді.

Бөлісу: