Әлем
1 мин оқу 30

Венесуэлаға уақытша президент тағайындалды

<p><strong>Венесуэланың жоғарғы соты вице-президент Делси Родригесті мемлекет басшысының міндетін атқарушы етіп тағайындады, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</strong></p>

Венесуэлаға уақытша президент тағайындалды

Report агенттігі таратқан мәліметке сәйкес, бұл туралы жергілікті Venezolana de Televisión телеарнасының эфирінде судья Таня Д’Амелио мәлімдеді.

«Венесуэланың жоғарғы соты (TSJ) республиканың атқарушы вице-президенті Делси Родригестің Конституция мен Венесуэла заңдарын қатаң сақтай отырып, республика президентінің міндетін дереу атқаруға кірісуін тапсырды», деді ол.

Судьяның түсіндіруінше, бұл шешім жоғарғы соттың Конституциялық палатасы тарапынан 2026 жылғы 3 қаңтарда болған шетелдік әскери агрессияға және Венесуэланың конституциялық президенті Николас Мадуроның ұрланып әкетілуіне байланысты қабылданған.

Венесуэла Каракастағы жарылыстардан кейін АҚШ-ты әскери агрессия жасады деп айыптады

Бөлісу:
Венесуэлаға уақытша президент тағайындалды · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар