Ауа райы
4 мин оқу 10

Аяз күшейіп, дауыл соғады: синоптиктердің бүгінгі болжамы

<p><strong>Дүйсенбі күні ел аумағында ауа райы әр түрлі болады. Мәселен, синоптиктер елдің солтүстігінде аяз күшейіп, қар жауып, боран соғатынын айтады. Орталық аймақтарда қар аз жауғанмен, бұрқасын байқалады. Ал оңтүстікте жауын-шашынсыз, кей жерлерде тұман түседі. Батыс өңірлерде де негізінен жауын-шашын күтілмейді, деп жазады&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</strong></p>

Аяз күшейіп, дауыл соғады: синоптиктердің бүгінгі болжамы

Қалалар бойынша болжам

  • Астана
    Аспан бұлтты, кей уақыттарда аздап қар жауады, жаяу боран соғады. Таңертең және күндіз жел күшейеді. Түнде –11…–13°C, күндіз –7…–9°C.

  • Алматы
    Аспан ала бұлтты, жауын-шашынсыз. Түнде және таңертең тұман. Түнде –1…–3°C, күндіз +1…+3°C.

  • Шымкент
    Ала бұлтты, жауын-шашын жоқ, кей уақытта тұман. Түнде –2…–4°C, күндіз +3…+5°C.

  • Түркістан
    Ала бұлтты, жауын-шашынсыз, тұман түсуі мүмкін. Түнде –3…–5°C, күндіз +2…+4°C.

  • Қонаев
    Ала бұлтты, жауын-шашынсыз, түнде тұман. Түнде –1…–3°C, күндіз +1…+3°C.

  • Талдықорған
    Ала бұлтты, кей уақыттарда жаңбыр мен қар аралас жауын-шашын, тұман. Түнде –2…–4°C, күндіз 0…+2°C.

  • Қызылорда
    Аспан аз бұлтты, жауын-шашын жоқ. Кей жерде тұман, көктайғақ. Түнде –7…–9°C, күндіз –2…–4°C.

  • Тараз
    Ала бұлтты, жауын-шашынсыз, тұман болуы ықтимал. Түнде –0…–2°C, күндіз +2…+4°C.

  • Ақтау
    Ала бұлтты, жауын-шашынсыз. Түнде +1…+3°C, күндіз +8…+10°C.

  • Атырау
    Ала бұлтты, жауын-шашын жоқ, кей уақытта тұман. Түнде –0…–2°C, күндіз +2…+4°C.

  • Орал
    Аспан бұлтты, күндіз жаңбыр мен қар аралас жауын-шашын, боран, көктайғақ, тұман. Жел күшейеді. Түнде –3…–5°C, күндіз –1…+1°C.

  • Ақтөбе
    Аспан бұлтты. Түнде қар, көктайғақ, күндіз жаңбыр мен қар аралас жауын-шашын, боран. Жел күшейеді. Түнде –7…–9°C, күндіз –0…–2°C.

  • Қарағанды
    Ала бұлтты, түнде қар, жаяу бұрқасын, кей жерде тұман. Түнде –8…–10°C, күндіз –6…–8°C.

  • Жезқазған
    Ала бұлтты, жауын-шашынсыз, тұман түсуі мүмкін. Түнде –9…–11°C, күндіз –6…–8°C.

  • Қостанай
    Аспан бұлтты, таңертең және күндіз қар жауады, боран соғады. Тұман, жел күшейеді. Түнде –12…–14°C, күндіз –4…–6°C.

  • Көкшетау
    Ала бұлтты, таңертең және күндіз аздап қар, жаяу бұрқасын. Жел екпінді. Түнде –15…–17°C, күндіз –6…–8°C.

  • Петропавл
    Ала бұлтты, күндіз қар мен боран. Жел күшейеді. Түнде –15…–17°C, күндіз –8…–10°C.

  • Павлодар
    Ала бұлтты, түнде қар, жаяу боран. Түнде –10…–12°C, күндіз –6…–8°C.

  • Семей
    Ала бұлтты, түнде және таңертең қар, боран, көктайғақ. Түнде –5…–7°C, күндіз –3…–5°C.

  • Өскемен
    Ала бұлтты, қар жауып, боран соғады, көктайғақ байқалады. Түнде де, күндіз де –2…–4°C. 

Айта кетейік, бұған дейін синоптиктер еліміздің басым бөлігінде қолайсыз ауа райы болатынын ескерткен еді.

Бөлісу: