Оқиға
1 мин оқу 10

Астанада құтқарушылар лифтіде қалып қойған әйелді шығарып алды

<p><strong>Қалалық Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, Астанадағы Аманжолов көшесінде орналасқан көпқабатты тұрғын үйдің лифтінде адамдар қалып қойған, деп жазады&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</strong></p>

Астанада құтқарушылар лифтіде қалып қойған әйелді шығарып алды

112 нөміріне түскен қоңыраудан кейін құтқарушылар аталған мекенжайға жедел жеткен. Құтқарушылар тобы лифт есігін арнайы құралдың көмегімен ашып, ішінде болған жүкті әйел мен үш баланы (2014 жылы туған екі бала және 2016 жылғы бір бала) сыртқа шығарған.

ТЖМ кез келген төтенше жағдай кезінде 112 нөміріне бірден хабарласу қажет екенін еске салып отыр.

Қазақстан ТМД-да алғашқы: Құтқарушылардың бірыңғай ведомствоаралық радиожелісі іске қосылды

Айта кетейік, 31 желтоқсан күні құтқарушылар 241 адамға көмек көрсеткен.

Бөлісу:
Астанада құтқарушылар лифтіде қалып қойған әйелді шығарып алды · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар