Бурабайға кіру ақысы қымбаттады
<div class="Y3BBE" data-sfc-cp="" data-hveid="CAEIAxAA" data-processed="true" data-complete="true"><strong class="Yjhzub" data-complete="true" data-processed="true">«Бурабай» мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің әкімшілігі 2026 жылдан бастап автокөліктер үшін кіру ақысының көтерілгенін хабарлады. Бұл шешім айлық есептік көрсеткіштің (АЕК) өсуімен байланысты, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</strong></div>

2026 жылы АЕК мөлшері 4 325 теңгені құрады (салыстырмалы түрде: 2025 жылы 3 932 теңге болған). Осыған орай, ерекше қорғалатын табиғи аумаққа кіру үшін алынатын мемлекеттік алым мөлшері де қайта есептелді.
Күнделікті төлем мөлшері:
Енді ұлттық парк аумағына көлікпен кіретіндер әр тәулік үшін келесі мөлшерде ақы төлейді:
- Жеңіл автокөліктер – 1 298 теңге;
- 16 орынға дейінгі шағын автобустар мен жүк көліктері – 4 325 теңге;
- 32 орынға дейінгі автобустар – 8 650 теңге;
- 32 орыннан асатын автобустар – 12 975 теңге.
Жазғы маусымдағы жоғары тарифтер:
1 мамыр мен 30 қыркүйек аралығындағы демалыс және мереке күндері арнайы жоғарылатылған тарифтер қолданылады:
- Жеңіл автокөліктер – 1 730 теңге;
- Шағын автобустар мен жүк көліктері – 6 488 теңге;
- 32 орынға дейінгі автобустар – 10 813 теңге;
- 32 орыннан асатын автобустар – 15 138 теңге.
Айта кетерлігі, бұл өзгерістер тек автокөлікпен келушілерге қатысты.