Ауа райы
1 мин оқу 20

Еліміздің екі өңірінде жол жабылды

<p><strong>Бүгін сағат 17:00-де 2 облыс аумағындағы республикалық маңызы бар автожолдарда жүк және қоғамдық көлік түрлерінің қозғалысына шектеу енгізілді. Жол бөліктерінің жабылуы ауа райының бұзылуына байланысты болып отыр, деп жазады&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</strong></p>

Еліміздің екі өңірінде жол жабылды

Батыс Қазақстан аумағындағы «Ақтөбе-Орал-РФ шекарасы» жолының бір бөлігі, нақты айтқанда, 393-526 шақырымы тұсы жабылды. Бұл Жымпиты ауылынан Ақтөбе облысының шекарасына дейінгі аралық.

Ақтөбе аймағындағы «Ақтөбе-Орал-РФ шекарасы» автожолының 526-702 шақырым аралығы БҚО-ның шекарасынан Маржанбұлақ ауылына дейінгі жол бөлігі жабылып отыр. Бұл – аталған жолдың 526-702 шақырымы аралығын қамтиды.

«Жол бөліктерін 6 қаңтар сағат 07:00-де ашу жоспарға алынған. 1403 байланыс орталығына хабарласып, тәулік бойы қосымша ақпарат алуға болады», делінген «ҚазАвтоЖол» хабарламасында. 

Бөлісу:
Еліміздің екі өңірінде жол жабылды · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар