Қоғам
1 мин оқу 40
Енді әдемі нөмірді кезекке тұрмай, онлайн алуға болады
<div class="Y3BBE" data-sfc-cp="" data-hveid="CAEIAxAA" data-processed="true" data-complete="true"><strong>5 қаңтардан бастап автокөлік иелеріне нөмірдегі сандар мен әріптерді қалауынша таңдау мүмкіндігі берілді. Бұл жаңалық жүргізушілер арасында үлкен қызығушылық тудырып, ел бойынша халыққа қызмет көрсету орталықтарында ұзын-сонар кезек пайда болды, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</strong></div>

Вице-министр Ростислав Коняшкиннің сөзінше, бір күнде 11 мың адамның ағылуына тек жаңа қызмет қана емес, мерекелік демалыстардан кейінгі жиналып қалған жұмыстар да әсер еткен.
«Егер қателеспесем, 5 қаңтар күні ел бойынша әдемі нөмірлерге 11 мыңға жуық өтініш берілді. Біз өз тарапымыздан дәл осы қызмет бойынша операторлар санын көбейттік. Бұл ажиотаж тағы 1-2 күн жалғасуы мүмкін, бірақ біз осы аптада eGov арқылы онлайн-режимді іске қосамыз».
Ростислав Коняшкин бұл жағдайдың цифрлық қызметтердің қаншалықты қажет екенін көрсетіп бергенін атап өтті.
Бөлісу: