Қоғам
1 мин оқу 40

Жаңа жылдан бастап SIM-картаны іске қосу тәртібі өзгерді

<div class="Y3BBE" data-sfc-cp="" data-hveid="CAEIAxAA" data-processed="true" data-complete="true"><strong class="Yjhzub" data-complete="true" data-processed="true">Қазақстанда 3 қаңтардан бастап абоненттік нөмірлерді сатып алудың жаңа ережелері күшіне енді. Енді азаматтар SIM-картаны қолдану үшін міндетті түрде биометриялық сәйкестендіруден өтуі тиіс. Бұл талаптың қалай жұмыс істейтіні туралы Телекоммуникация комитетінің төрағасы Дамир Сейсембеков түсіндіріп берді, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</strong></div>

Жаңа жылдан бастап SIM-картаны іске қосу тәртібі өзгерді
Үкіметте өткен брифингте Дамир Сейсембеков жаңа ереже бойынша SIM-картаның өздігінен іске қосылмайтынын айтты. 
«Егер сіз, айталық, дүкенге барып SIM-карта сатып алсаңыз, ол өз атыңызға биометриялық сәйкестендіруден өтпейінше жұмыс істемеуі тиіс», деді комитет басшысы.
Биометриядан өту жолдары:
  1. Хабарлама арқылы: Абонент SIM-картаны телефонға салған кезде, оған арнайы нұсқаулық жазылған хабарлама келеді.
  2. Мобильді қосымша арқылы: Еліміздегі үш ірі байланыс операторының қосымшаларында биометриядан өту мүмкіндігі қарастырылған.
  3. Ресми бөлімшелерде: Егер азаматта смартфон болмаса, сондай-ақ биометриядан өту қиындық тудырса, ұялы байланыс операторларының ресми сату бөлімдеріне жүгінуіне болады.
«Жалпы алғанда, бүгінгі таңда дүкеннен SIM-карта сатып алудың еш мәні жоқ деп есептеймін. Мұны операторлардың мобильді қосымшалары арқылы оңай жасауға болады», деп түйіндеді Дамир Сейсембеков.
Бөлісу:
Жаңа жылдан бастап SIM-картаны іске қосу тәртібі өзгерді · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар