Қоғам
2 мин оқу 60

Ел тұрғындары 2026 жылы неше күн демалады?

<p><strong>2026 жылы ұзақ демалыстар көп болады. Себебі мемлекеттік мерекелердің көбі аптаның бастапқы тұсына немесе соңына сәйкес келіп отыр. Ал ең көп демалыс күндері мамыр айында, деп жазады&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</strong></p>

Ел тұрғындары 2026 жылы неше күн демалады?

Қаңтар

Ресми мерекелік демалыс күндері: 1, 2 қаңтар (Жаңа жыл) және 7 қаңтар (Православ Рождествосы). 7 қаңтар сәрсенбіге сәйкес келеді, сондықтан апта ортасында қосымша бір демалыс күні болады. 5 күндік жұмыс аптасында: 6 қаңтар – жұмыс күні, 7 қаңтар – демалыс. Барлығы 12 демалыс, 19 жұмыс күні. 6 күндік жұмыс аптасында: 7 демалыс, 24 жұмыс күні.

Ақпан

Мерекелік күндер жоқ. 5 күндік жұмыс аптасында: 8 демалыс, 20 жұмыс күні. 6 күндік жұмыс аптасында: 4 демалыс, 24 жұмыс күні.

Наурыз

8 наурыз – Халықаралық әйелдер күні жексенбіге түседі, демалыс 9 наурызға ауыстырылады.

Наурыз мейрамы (21-23 наурыз): 21-22 наурыз сенбі-жексенбіге сәйкес келгендіктен, демалыс күндері жұмыс күндеріне ауыстырылады: 21-25 күндері аралығында ұзақ демалыс.

5 күндік жұмыс аптасында: 13 демалыс, 18 жұмыс күні. 6 күндік жұмыс аптасында: 9 демалыс, 22 жұмыс күні.

Сәуір

Мерекелік күндер жоқ. 5 күндік жұмыс аптасында: 8 демалыс, 22 жұмыс күні. 6 күндік жұмыс аптасында: 4 демалыс, 26 жұмыс күні.

Мамыр

1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күні

7 мамыр – Отан қорғаушылар күні

9 мамыр – Жеңіс күні: демалыс 11 мамырға ауыстырылады

27 мамыр – Құрбан айт (сәрсенбі)

5 күндік жұмыс аптасында: 14 демалыс, 17 жұмыс күні. 6 күндік жұмыс аптасында: 9 демалыс, 22 жұмыс күні.

Маусым

Мерекелік күндер жоқ. 5 күндік жұмыс аптасында: 8 демалыс, 22 жұмыс күні. 6 күндік жұмыс аптасында: 4 демалыс, 26 жұмыс күні.

Шілде

6 шілде – Астана күні (демалыс)

5 күндік жұмыс аптасында: 9 демалыс, 22 жұмыс күні. 6 күндік жұмыс аптасында: 5 демалыс, 26 жұмыс күні.

Тамыз

30 тамыз – Конституция күні жексенбіге сәйкес келеді: демалыс 31 тамызға ауыстырылады.

5 күндік жұмыс аптасында: 11 демалыс, 20 жұмыс күні. 6 күндік жұмыс аптасында: 6 демалыс, 25 жұмыс күні.

Қыркүйек

Мерекелік күндер жоқ. 5 күндік жұмыс аптасында: 8 демалыс, 22 жұмыс күні. 6 күндік жұмыс аптасында: 4 демалыс, 26 жұмыс күні.

Қазан

25 қазан – Республика күні (ұлттық мереке) жексенбіге түсіп тұр: демалыс 26 қазанға ауыстырылады.

5 күндік жұмыс аптасында: 10 демалыс, 21 жұмыс күні. 6 күндік жұмыс аптасында: 5 демалыс, 26 жұмыс күні.

Қараша

Мерекелік күндер жоқ. 5 күндік жұмыс аптасында: 9 демалыс, 21 жұмыс күні. 6 күндік жұмыс аптасында: 5 демалыс, 25 жұмыс күні.

Желтоқсан

16 желтоқсан – Тәуелсіздік күні (сәрсенбі)

5 күндік жұмыс аптасында: 9 демалыс, 22 жұмыс күні. 6 күндік жұмыс аптасында: 5 демалыс, 26 жұмыс күні.

Бөлісу:
Ел тұрғындары 2026 жылы неше күн демалады? · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар