Оқиға
1 мин оқу 40

Автожолдардағы бүгінгі ахуал қандай?

<p>&laquo;ҚазАвтоЖол&raquo;-дың мәлімдеуінше&nbsp; 7 қаңтарда бірнеше өңірде ауа райының жақсаруына байланысты&nbsp; жолдар ашылады, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Автожолдардағы бүгінгі ахуал қандай?

Шығыс Қазақстан облысы бойынша  «Алматы — Талдықорған — Өскемен — Шемонаиха — РФ шекарасы» автожолының 1194-1212 км (Шемонаиха қаласы — РФ шекарасы) бөлігінде барлық көлік түрлерінің қозғалысы ашық.

Ауа райының жақсаруына байланысты 6 қаңтар сағат 23:00-ден бастап республикалық маңызы бар жолдардың келесі бөліктерінде жылдамдық шектеуі 90-нан 110 км/сағ дейін ұлғайтылды:

- Ақмола облысы: KAZ 01 «Астана – Қарағанды – Алматы», 30-92 км (Жібек-Жолы ауылы – Анар станциясы);
- Қарағанды облысы: KAZ 01, 92-164 км (Анар – Теміртау қаласы).

Сондай-ақ қиын таулы жағдайларға байланысты «Өскемен – Алтай – Катонқарағай – Рахман қайнары» жолының 46-66 км (Северное ауылы – Серебрянск қаласы) бөлігінде тіркемесі бар жүк көліктеріне қозғалысқа шектеу қойылған (қысқы кезеңнің соңына дейін).

Павлодар облысы бойынша «Астана – Шідерті – Павлодар – Успенка – РФ шекарасы» жолындағы «Қалқаман» айналма жолы (Қалқаман ауылының кіреберісі мен Астана бағытына шығатын бөлігі) жабық, себебі эстакада құрылымының шеткі арқалықтары зақымданған.

Бөлісу:
Автожолдардағы бүгінгі ахуал қандай? · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар