Елорда
1 мин оқу 30

Астанада ересектерге арналған тегін қазақ тілі курсына қабылдау басталды

<p><strong>Астана қаласының Тілдерді дамыту және архив ісі басқармасына қарасты &laquo;Руханият&raquo; коммуналдық мемлекеттік мекемесі қала тұрғындарын ересектерге арналған тегін қазақ тілі курсына қатысуға шақырады, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.</strong></p>

Астанада ересектерге арналған тегін қазақ тілі курсына қабылдау басталды

Қазақ тілін меңгеруге ниетті астаналықтар үшін арнайы ұйымдастырылған курсқа өтініштер 2026 жылғы 8-23 қаңтар аралығында қабылданады. Сабақтар 2026 жылдың 2 ақпанында басталады.

Курс офлайн және онлайн форматта өткізіледі. Оқу ұзақтығы – 4 ай, сабақтар аптасына 3 рет өтеді. Оқу бағдарламасын толық аяқтаған қатысушыларға сертификат табысталады.

Курсқа тіркелу мекенжайы: Астана қаласы, Бейбітшілік көшесі, 9-үй, 209-кабинет.

Байланыс телефондары:
Жұмыс телефоны: +7 (7172) 24-90-52;
Ұялы телефон: +7 747 248 82 20.

Бөлісу: