Спорт
1 мин оқу 20
Михаил Кукушкин ширек финалға шықты
<p>Ұлыбританияның Ноттингем қаласында теннистен «Челенджер» санатындағы турнир өтіп жатыр. Сол жарыста Михаил Кукушкин де күш сынасты, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

АТР рейтингінде 298 орында тұрған ардагер теннисші алғашқы екі айналымда жеңіске жетті. Тұсаукесер кездесуінде ол франциялық Маэ Малижені 6:3, 6:0 есебімен ойсырата ұтты. Келесі кезеңде Кукушкин германиялық Кристоф Негриту Мионың тас-талқанын шығарды. Есеп 6:2, 6:1.
Ширек финалға шыққан жерлесіміз енді америкалық Кэннон Кингсли мен ұлыбританиялық Элистор Грей арасындағы бәсекенің жеңімпазымен шеберлік байқасады.
Бөлісу: