Елорда
1 мин оқу 40

Астанада алдағы демалыс күндері ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтеді

<p><strong>Елордада 10-11 қаңтар аралығында кезекті қалалық ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтеді. Бұл туралы қала әкімдігі хабарлап отыр, деп жазады&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz.</a></strong></p>

Астанада алдағы демалыс күндері ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтеді

Жәрмеңкеде жергілікті фермерлер мен еліміздің түрлі өңірлерінен келген тауар өндірушілердің өнімдері ұсынылады. Қала тұрғындары мен қонақтары көкөністер мен жеміс-жидектерді, ет өнімдерін, ұн және сүт өнімдерін, наубайхана тауарларын, табиғи шырындар, тосап пен джемдерді тиімді бағада сатып ала алады.

Іс-шара 10 және 11 қаңтар күндері сағат 10:00-ден 19:00-ге дейін өтеді.

Өтетін орны: «Keryen Joly» сауда орталығы, Алаш тасжолы, 35Б.

Келушілердің ыңғайлылығы үшін жәрмеңке өтетін орынға № 7, 11, 39, 41, 45, 53, 59, 81, 307, 317 бағыттағы қоғамдық көліктер қатынайды.

Бөлісу:
Астанада алдағы демалыс күндері ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтеді · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар