Әлем
1 мин оқу 20

Дубай биыл қолма-қол ақшадан бас тартады

<p><strong>Дубай биыл қолма-қол ақшадан бас тартып, қолма-қол ақшасыз төлемдерге өтіп жатыр, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.&nbsp;</strong></p>

Дубай биыл қолма-қол ақшадан бас тартады

– Дубайдағы мемлекеттік және жеке секторлардағы барлық төлемнің 90%-ы 2026 жылдың соңына қарай қолма-қол ақшасыз болады, – деп хабарлады Дубай үкіметінің баспасөз қызметі. 

Қолма-қол ақшасыз төлемдерге көшу стратегиясы алғаш рет 2024 жылы жарияланды.

Ол банкноттар мен монеталарды алып тастауға және Дубайды қолма-қол ақшасыз қалаға айналдырудың ауқымды мақсатын жүзеге асыруға бағытталған.

Бұл мақсатты жүзеге асыру құралдарына банк және басқа да қосымшалар, карталар және болашақта – цифрлық төлем саласында ЖИ негізіндегі инновациялар кіреді. Әмірлік билігі Дубайдың қаржылық инновациялардың жаһандық орталығы және цифрлық экономикадағы жаһандық көшбасшы ретіндегі орнын нығайтуды жоспарлап отыр.

Бөлісу:
Дубай биыл қолма-қол ақшадан бас тартады · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар