Жәдігер
1 мин оқу 10

Құнды қолжазба

<p style="text-align: left;">Жуырда ұлы ойшыл, ақын, дін уа&shy;ғыз&shy;даушы һәм түр&shy;кілік суфизм ба&shy;ғытының негізін қалаушы Қожа Ахмет Ясауидың &laquo;Диуани хикмет&raquo; кітабының беймәлім басылымы табылды.</p>

Құнды қолжазба

Құнды жәдігер бұдан екі ғасыр бұрын 1834 жылы жарияланып, мұқият сақталған. Кітаптың қағазы қалың әрі мұқабасында таңба бар. Хикмет араб-парсы тілдерінде шағатай дәстүріне сай жазылған. Жалпы саны 120 хикметтен тұрады. Мұра қазір «Әзірет Сұлтан» ұлттық тарихи-мәдени музей-қорығы мекемесінің қорына өтіпті.

Мәліметті нақтылай түсу үшін қолжазбаға ғылыми сараптама жасаған маман «Ясауитану» ғылыми орталығының басшысы Сайпулла Моллақанағатұлына хабарласқанымызда: «Табылған кітап 120 хикметтен тұрады. Оның 39-ы бұрынғы Әзірет Сұлтанның бұрынғы кітап­тарында жазылмаған тың хикметтер. Бұл жәдігерге біз ауыл тұрғыны Еркін Сапаровтың бастамасымен қол жеткіздік. Өйткені мұра Еркін ақса­қалдың туысы Түркістан облысы Сауран ауданының тұрғыны Әлімжан Рамазанұлының сандығында сақтаулы екен. Бұл шаңырақтан біз барлығы 17 қолжазба мен сирек кітаптар алдық. Соның бірі – Қожа Ахмет Ясауидің хикметтері. Бұндай мұра бұрын-соңды кездеспеген еді», деді ол.

Бөлісу: