Шымкенттің экс-әкімі жаңа қызметке тағайындалды
<p><strong>Шымкенттің бұрынғы әкімі Ғабидулла Әбдірахымов енді «Samruk-Kazyna Construction» акционерлік қоғамының басқарма төрағасының операциялық қызмет жөніндегі орынбасары болып тағайындалды, деп жазады <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</strong></p>

Ғабидулла Әбдірахымов бұл қызметке 2025 жылдың 29 желтоқсанында тағайындалды.
Оның экономика және басқару салаларында білімі бар. Сондай-ақ «Болашақ» бағдарламасы аясында алған мемлекеттік басқару магистрі дәрежесінің иегері. Ол мемлекеттік қызмет жүйесінде, Президент әкімшілігінде және Үкіметте басшылық қызметтер атқарған, сондай-ақ Шымкент қаласының әкімі және Мәдениет және спорт вице-министрі болып жұмыс істеген.
Десе де Ғабидулла Әбдірахымов «Samruk-Kazyna Construction» басқарма мүшесі болып табылмайды.
Еске салайық, ол 2015–2017 жылдары, сондай-ақ 2018–2019 жылдары Шымкент қаласының әкімі қызметін атқарды. 2019 жылдың шілдесінде бұл лауазымнан босатылды.