Өнер
1 мин оқу 110

АҚШ сахнасында өнер көрсетті

<p style="text-align: left;">Құс қанаты аталатын алыстағы Нью-Йорк төрінде әйгілі &laquo;Carnegie Hall&raquo; кешені бар. Дәл осы кешендегі &laquo;Weill Recital Hall&raquo; сахнасында елімізден скрипкашы, Қазақстанның Еңбек Ері Айман Мұсақожаева ғана өнер көрсеткен екен.</p>

АҚШ сахнасында өнер көрсетті

Өткен жылдың соңында аталған сахнада тағы бір отан­дық скрипкашы өнерімен та­нылды. Ол – атыраулық Шынар Нағимова. Оны мұхит­тың арғы бетіндегі елде өткен ха­лық­ара­лық «American Protégé» кон­курсының жеңімпаздары қа­тысқан гала-концертке ша­қырыпты. Байқаудың қоры­тын­ды концертіне әлемнің әр елінен 38 өнерпаз қатысыпты.

Ал Шынар Нағимова жаһан жұрты қызығатын әйгілі сахнада композитор Владимир Брусиловскийдің «Боз айғыр» шығармасын орындады. Сөй­тіп, қазақтың музыкалық дәс­түрін әлемге тағы бір рет таныт­ты.

«Өнерге де, өнерді серік еткен өнерпазға да елдерді бір-бірінен бөліп тұрған шекара сызығы кедергі емес. Өйткені өнер – баршаға ортақ құндылық», дейді Ш.Нағимова.

Ол Атыраудағы Д.Нұр­пе­йі­сова атындағы музыкалық ака­демияда ұстазы Клара Нүсіп­баевадан дәріс алған. Қазір АҚШ-та тұрады. Аталған шаһар­дағы оркестрде ойнайды. Музыка жазады әрі сабақ береді. Оның 30-дан астам шәкірті бар.

Атырау облысы

Бөлісу: