Әскери қызметке жарамдылық дәрежесі туралы анықтаманы онлайн алуға болады
<p style="text-align: left;"><strong>«Smart военкомат» жобасы аясында Қорғаныс министрлігі e-Gov порталында жаңа функцияны іске қосты, деп жазады <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</strong></p>

– Қолданушының Жеке кабинетінде әскери есепте тұруы, қызмет өткеру кезеңдері, сондай-ақ әлеуметтік төлемдерге құқығы туралы деректер бар. Ал ең көп сұралатын дерек – әскери қызметке жарамдылық дәрежесі туралы анықтама, – деп мәлімдеді Қорғаныс министрлігі.
Халыққа қызмет көрсету орталықтары біртіндеп жойылады: қызмет онлайнға көшеді
Анықтамаларды алу үшін e-Gov порталындағы Жеке кабинетке кіріп, Әскери қызмет бөлімінде Жүктеу батырмасын басу керек.
Қазақстанда төлқұжат онлайн форматта берілуі мүмкін
Алдағы уақытта бұл деректер m-Gov мобильді қосымшасы арқылы, сондай-ақ екінші деңгейлі банктерде де қолжетімді болады деп жоспарланып отыр. Бұл жаңашылдық:
• Оқу орындарына түсу;
• Әскер қатарына шақырылу;
• Құқық қорғау немесе арнайы органдарға қызметке орналасу кезінде құжаттарды жинау үдерісін жеделдетеді.
Айта кетейік, енді әдемі нөмірді кезекке тұрмай, онлайн алуға болады.