Заң
1 мин оқу 90

Жалған нөмірмен жүрген көліктер анықталды

<p><strong>СҚО полицейлері үш күн бойы &laquo;Жалған нөмірлер&raquo; жедел-профилактикалық іс-шарасын өткізіп, мемлекеттік тіркеу нөмірі оқылмайтын 105 автокөлікті, сондай-ақ мемлекеттік нөмірі жоқ немесе белгіленген тәртіппен тіркелмеген 28 автокөлікті анықтады деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</strong></p>

Жалған нөмірмен жүрген көліктер анықталды

Төрт жүргізуші жалған мемлекеттік нөмірмен жүргені үшін 5 тәулікке әкімшілік қамауға алынып, бір жыл мерзімге көлік құралын басқару құқығынан айырылды.

Олардың екеуі Ресей Федерациясының Түмен облысының тұрғындары. Олар «Жезқазған — Петропавл» автожолында тоқтатылған. 27 жастағысы «Land Rover» автокөлігін, ал 33 жастағысы «Mercedes Benz» көлігін жүргізіп келе жатқан.

Айта кетейік, елімізде жалған нөмірмен жүрген 900-ден астам жүргізуші ұсталды

Солтүстік Қазақстан облысы

Бөлісу:
Жалған нөмірмен жүрген көліктер анықталды · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар