Жетісуда ЖИ арқылы жалған чек жасаған үш жасөспірім әшкереленді
<p><strong>Жетісу облысында кәмелетке толмаған 3 азаматтың жалған банктік чектерді жасау үшін жасанды интеллект (ЖИ) құралдарын пайдаланып, сатушыларды жаңылыстыру арқылы тауарларды бірнеше рет жымқырғаны анықталып отыр, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</strong></p>

Сәйкессіздік байқалып қалған
Құқыққа қарсы әрекет нақты ақша қаражатының түсуі мен сатып алушылар ұсынған электрондық чектер арасындағы сәйкессіздікті байқаған кәсіпкерлердің өтініштерінен кейін жедел анықталды.
ЖИ базасында алғашқы тегін заңгерлік онлайн-сервис іске қосылды
Алдын ала келіскен
Аталған дерек бойынша алдын ала сөз байласу арқылы бірнеше рет жасалған алаяқтық белгілері бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды.
Сақтыққа шақырды
Жетісу облысының прокуратурасы кәсіпкерлер мен барлық азаматтарды сақтықты күшейтуге шақырып отыр, сондай-ақ төлемдерді тек банктердің ресми мобильді қосымшалары және транзакцияларды растау сервистері арқылы тексеруді ұсынады.
Жасанды интеллектіні тиімді пайдалану үшін өте маңызды үш міндетті қатар орындау керек - Президент