Аймақтар
1 мин оқу 20

Қостанай облысында оқушылар қашықтан оқиды

<p data-start="100" data-end="323">Сәрсенбі, 14 қаңтар күні Қостанай облысында ауа температурасының төмендеуіне байланысты бірқатар мектеп оқушылары уақытша қашықтан оқу форматына көшірілді, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.&nbsp;</p>

Қостанай облысында оқушылар қашықтан оқиды

Қостанай қаласында бірінші ауысымдағы 1-9-сынып оқушылары қашықтан оқуға көшірілді.

Рудный қаласында 0-9-сынып оқушылары қашықтан оқыту форматына ауыстырылды.

Бейімбет Майлин ауданында ауа температурасы -30-дан -33 градусқа дейін төмендеуіне байланысты барлық мектеп толықтай қашықтан оқытуға көшірілді.

Жітіқара ауданында ауа температурасы -26,1 градус, желдің жылдамдығы секундына 5 метр болғандықтан, мектепалды даярлық сыныптарының, сондай-ақ бірінші ауысымдағы 1-7-сынып оқушылары қашықтан оқуға ауыстырылды.

Қарабалық ауданында ауа температурасы -29 градус, желдің жылдамдығы секундына 12 метр болған жағдайда мектепалды даярлық сыныптары мен бірінші ауысымдағы 1-9-сынып оқушылары қашықтан оқуға көшірілді.

Лисаковск қаласында ауа температурасы -27 градус, желдің жылдамдығы секундына 5 метр болғандықтан бірінші ауысымдағы 1-9-сынып оқушылары қашықтан оқиды.

Алтынсарин ауданында ауа температурасы -27 градусқа дейін төмендеуіне байланысты бірінші ауысымдағы 0-9-сынып оқушылары қашықтан оқу форматына ауыстырылды.

Айта кетейік, бұған дейін Астанада да сәрсенбі, 14 қаңтар күні ауа райының қолайсыздығына байланысты бірінші ауысымдағы 0-9-сынып оқушылары онлайн форматта оқитыны хабарланған болатын.

«Қазгидромет» РМК 14 қаңтарға Қазақстанның бірнеше облысында дауылды ескерту жариялады. Синоптиктер боран, қар жаууы және көктайғақ болуы мүмкін екенін ескертеді.

Бөлісу:
Қостанай облысында оқушылар қашықтан оқиды · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар