Қоғам
1 мин оқу 30

ҚҚС өсімі әлеуметтік маңызы бар азық-түлік бағасына әсер етті ме?

<p><strong>Елімізде 5 қаңтардан бастап ҚҚС мөлшерлемесі 12%-дан 16%-ға дейін артқанына қарамастан, Алматы қаласының әкімдігі әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары бағасында күрт өзгерістер байқалмағанын мәлімдеді, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</strong></p>

ҚҚС өсімі әлеуметтік маңызы бар азық-түлік бағасына әсер етті ме?

«Салық мөлшерлемесінің өсуіне қарамастан, Алматыда әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бағаның күрт секіруі тіркелген жоқ. Сауда желілері бағаны, негізінен айналымы жоғары тауарлар бойынша, кезең-кезеңімен қайта бағалап отыр. Алайда әлеуметтік маңызы бар өнімдер бойынша жағдай тұрақты болып тұр» делінген хабарламада.

Алматының жергілікті атқарушы органдары ішкі және сыртқы факторларға қарамастан, азық-түлік нарығындағы жағдайдың тұрақты екенін айтып отыр.

1 қаңтардан бастап салық реформасы күшіне енеді. Базардағы баға шарықтауы ықтимал

Жыл басынан бері әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының тізбесі 19-дан 31 позицияға дейін кеңейтілді. 2025 жылдың қорытындысы бойынша қалада ӘМАТ тұтыну бағасының индексі 8,9% құрады.

Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік өнімдерінің бағасы төмендеді

2025 жылы ӘМАТ-қа шекті сауда үстемесін (15%-дан аспайтын) сақтамағаны үшін жалпы сомасы 47,1 млн теңгеге айыппұл салынды және 38 жосықсыз делдал тізімнен шығарылды. Сондай-ақ ірі сауда нысандарына, базарларға және үй жанындағы дүкендерге мониторинг жүргізіліп жатыр.

Зейнетақы төлемдері салықтан босатылып, көпбалалы отбасыларға шегерімдер енгізілді

Бөлісу:
ҚҚС өсімі әлеуметтік маңызы бар азық-түлік бағасына әсер етті ме? · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар