Қоғам
2 мин оқу 20

1 ақпаннан бастап сыра өнімдері таңбаланады

<p data-start="140" data-end="383">Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігіне қарасты Мемлекеттік кірістер комитеті сыра мен сыра өнімдерін цифрлық таңбалау жүйесін кезең-кезеңімен енгізу мерзімдері туралы хабарлады, деп жазады <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.&nbsp;</p>

1 ақпаннан бастап сыра өнімдері таңбаланады

«Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті нарық қатысушыларын сыра мен сыра өнімдерін цифрлық таңбалау жүйесін кезең-кезеңімен енгізу, сондай-ақ тауарларды таңбалау және қадағалау ақпараттық жүйесінде тіркеу рәсімдерінің іске қосылуы жөнінде хабардар етеді. «Таңбалауға жататын тауарлар тізбесін айқындау туралы» бұйрыққа сәйкес, 2026 жылғы 1 ақпаннан бастап Қазақстан Республикасында сыра мен сыра өнімдерін цифрлық таңбалау кезең-кезеңімен енгізу жоспарланып отыр», делінген хабарламада.

Өндірушілер мен импорттаушылар жүйенің жұмысымен және Тауарларды таңбалау және қадағалау ақпараттық жүйесіне (ТТҚ АЖ) тіркелу мүмкіндіктерімен қазірдің өзінде https://tanba.markirovka.kz/ мекенжайындағы өндірістік стенд арқылы таныса алады.

Аталған жүйе өнім туралы мәліметтерді көрсетуге, сондай-ақ өндіріс пен логистикада Data Matrix кодтарын қолдануға байланысты үдерістерді қолдауға арналған.

Цифрлық таңбалауды енгізу мына мерзімдерде жүзеге асырылады:

  • 2026 жылғы 1 ақпаннан бастап – бөшкелердегі (кег) және бөтелкелердегі өнімдер үшін;

  • 2027 жылғы 1 қаңтардан бастап – қаңылтыр банкілердегі өнімдер үшін.

Аталған мерзімдерден кейін шығарылатын өнімдер айналымға енгізу кезінде Data Matrix кодтарын пайдалана отырып, ТТҚ АЖ-да тіркелетін болады.

Еске салайық, 2025 жылғы қарашада Қазақстанда міндетті таңбалауға жататын тауарлар тізбесі кеңейтілгені хабарланған еді. Тізімге төрт жаңа тауар тобы енгізілді:

  • сыра өнімдері,
  • мотор майлары,
  • жеңіл өнеркәсіп тауарлары
  • сайғақ дериваттары.

Қазіргі уақытта міндетті цифрлық таңбалауға үш тауар тобы жатады:

  • темекі өнімдері,
  • аяқ киім
  • дәрілік заттар.

Осы уақытқа дейін 7 млрд-тан астам тауар бірлігі таңбаланған. Зергерлік бұйымдар бойынша пилоттық жоба аяқталған. Сондай-ақ биологиялық белсенді қоспаларды (ББҚ), тұрмыстық химияны, газ баллондарын, медициналық мақсаттағы бұйымдарды, өсімдік майын және ағаш материалдарын таңбалау бойынша пилоттық жобалар іске асырылып жатыр.

Міндетті таңбалауға тағы бір өнім қосылды

Бөлісу:
1 ақпаннан бастап сыра өнімдері таңбаланады · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар